Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Ер есімді Елдес аға
02.03.2017

1 наурызда Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК әмбебап оқу залы Қостанай гуманитарлық колледжімен бірге қоғам қайраткері, педагог, көсемсөзші, «Алаш Орда» партиясы құрылтайшыларының бірі Елдос Омаровтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Ер есімді Елдес аға» атты еске алу кешін өткізді. Арнайы безендірілген кітап көрмесіне оның өмірі мен шығармашылығына қатысты әдебиеттер қойылды.

Е.Омаровтың өмірі мен қызметі туралы әсерлі әңгіме айтылған дөңгелек үстел басына қонақ ретінде ақын, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ профессоры Шаяхмет Ақылбек Қожаұлы, Елдос Омаровтың жиені Жакенова Қарапа Сүйінішәліқызы, «Қазахстан-Қостанай» телеарнасының авторлық бөлімінің редакторы Құлабаев Нұрқанат Жүнісұлы, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Жәрімбетова Назира Қыпшақбайқызы, «24-хабар» арнасының және «Нұрлы тан» газетінің тілшісі Мауданов Абылай Фазылханұлы, І.Омаров ат. қазақ драма театрының актері   Кенжетай Асылан Бақытбекұлы қатысты.  

 «Алаш» қозғалысының 100 жылдығы қарсаңында кездесуге қатысқандар сол заманның саяси қайраткерлері, ұлы ағартушылар туралы сөз қозғады, олардың поэтикалық шығармалары орындалды.



ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ