Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы
03.03.2017

        2017 жыл Түркі мәдениетінің ТҮРІКСОЙ халықаралық ұйымының бастамасымен Түркістандағы түркі әлемінің мәдениеті жылы деп жарияланды. 

        ТҮРІКСОЙ ұйымының мақсаты түркі халықтары арасындағы бауырластық пен достықты нығайту, түркі халықтарына ортақ мәдениетті сақтау және оларды болашақ ұрпаққа жеткізу болып табылады.

         Абонементтер бөлімінде осы бір маңызды оқиғаға арналған кітап көрмесі безендірілді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Түріктердің ұлы елі – бұл біздің барлығымызға ортақ бабаларымыздың, батырларымыздың, рухани байлығымыздың бесігі болған атажұртымыз. Бұл біздің барлығымызға ортақ ұлы мұрамыз»-, деген болатын. Сондықтан да көрменің көрнекті жеріне түркі мәдениетінің тарихына, ежелгі Түркістан қаласының тарихи ескерткіштері мен көрнекті жерлеріне арналған басылымдар қойылған.  Авторлар С.Әбушәріптің «Түркістан тарихы» және М.Мырзахметұлының «Түркістанда туған ойлар», А.Досымбаеваның «История тюркских народов» кітаптары М.Шоқайдың «Туркестан – наша общая колыбель» жинағы, «Загадки древнего Туркестана» ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалар жинағы мен басқа да басылымдар оқырмандардың қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. 

         Көрме 2017 жылдың 1 желтоқсанына дейін жұмыс істейтін болады. Барлық тілек білдірушілерді көрмемен танысуға шақырамыз! 


ӨзектіЖаңалықтарМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасы