9 наурыз күні Алтынсарин аудандық кітапханада қазақ жазушысы, әдебиеттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповтың туғанына 115 жыл толуына орай «Қыран қанатты талант иесі» атты портрет-кеш өткізілді. Іс-шара барысында жазушының өмірбаяны баяндалып, «Ұлпан» және «Оянған өлке» атты шығармаларына қысқаша шолу жасалды. Іс-шараның мақсаты – оқырмандарды Ғабит Мүсіреповтың өмірімен және шығармашылығымен таныстыру, осы автордың кітаптарын оқуға қызығушылық туғызу. Іс-шараға 15 адам қатынасты.
http://altinsarin-cbs.ucoz.com/news/novosti/2017-03-09-95