Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Пушкин және балалардың Сент-Экзюпериді тануы
16.03.2017

14 наурызда Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық кітапханада «Сказочный сон» анимациялық фильмі мен ««Маленький принц» Сент-Экзюпери глазами моих внучек» кітабының тұсаукесері өтті.

Бұл шараның дүниеге келуіне облыстық кітапхананың «Живой Пушкин» халықаралық акциясына қатысуы себеп болды және акцияның шарты бойынша бірінші кезеңде Александр Сергеевичтің ертегілері бойынша анимациялық фильм жасау қажет болды. Сол себепті де кітапхана қызметкерлері А.Никифоров ат. сурет мектебінің оқытушысы Нина Сергеевна Олексюкке бірлескен жоба жасау туралы ұсыныс жасады. Уақыттың тығыз болғанына қарамастан Нина Сергеевна мен оның шәкірттері нағыз өнер туындысын жасап шығарды. «Сказочный сон» шағын мультфильмі әдемі кейіпкерлері бар, оқиғасы аяқталған және өзгеге ұқсамайтын туынды болып шықты.

Тұсаукесерге келген балалар мен олардың ата-аналары фильмнің өзін ғана емес, сондай-ақ соңғы нұсқаға кірмей қалған кадрлармен, эскиздермен де танысты, жетекшінің жоба жайындағы, мультфильмді жасауға қатысқан балалардың пікірлері туралы әңгімесін тыңдады. Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК директоры Дариға Төребайқызы Дүйсебаева барлық «түсіру тобына» алғыс хат табыс етті.

««Маленький принц» Сент-Экзюпери глазами моих внучек» туралы өзінің немерелері – алты жастағы Ясмин мен он екі жастағы Милананың суреттерін жинап, жарыққа шығарған Газиз Григорьевич Сулейманов айтып берді.

Белгілі қостанайлық ақын, педагог Александра Ильинична Суслова мен қостанайлық суретші Сергей Дмитриевич Луговой мультфильм мен кітап жайындағы пікірлерін білдірді. Олар жас суретшілерге шығармашылық шабыт пен жетістіктер тілеп, облыстық кітапханаға жақсы да қажетті шаралары үшін алғыс білдірді.

Шара соңында Нина Сергеевна Олексюк балалармен ойын өткізіп, «Руслан и Людмила» поэмасының кейіпкерлерін бейнелеуді, сондай-ақ А.С.Пушкиннің ертегілерінде айтылатын, алайда ұмытыла бастаған және ескірген тұрмыстық заттарды салуды ұсынды. Өздерінің барлық қиялдарын көрсете білген балалар тапсырмаларды зор ынтамен орындады.

Кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған кітап көрмесі де назардан тыс қалған жоқ. Балалар А.С.Пушкиннің,    А. де Сент-Экзюперидің көрмеге қойылған кітаптарын, олардың шығармаларына жасалған безендірулерді, сурет салу мен мультипликация жасау бойынша өздігінен үйреткіштерді зор қызығушылықпен тамашалады және талқылады. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus