Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Мәдениет қызметкерлеріне арналған көрме
15.03.2017

2017 ж. 15 наурызында Облыстық орыс драма театрында мәдениет саласындағы мәселелерге арналған алқаның кеңейтілген отырысы болып өтті. 

Алқа отырысының жұмысына Қостанай педагогикалық институтының ректоры, «Қазақстан Республикасы мәдениет қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы, қала мен аудандар әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшілері, мәдениет ұйымдарының директорлары, мәдениет ұйымдары мен органдарының қызметкерлері, білім беру саласының өкілдері қатысты.

Алқа отырысының жұмысы аясында салтанатты түрде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты мен Рудный музыкалық колледжі арасындағы ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.

Театр фойесінде мәдениет қызметкерлері үшін «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне арналған «EXPO-2017: қазақ елінің ең ірі жобасы» кітап көрмесі безендірілді. Көрмеге осы бір бірегей оқиғаға байланысты, дүниежүзілік көрмелердің тарихына қатысты ақпарат қойылды. 

 Кітап көрмесінің мазмұны мен ерекше безендірілуі жиналғандардың назарын аударды, көрмедегі кітаптармен танысқан олар баспалдақ түрінде жасалған кітап инсталяциясы жанында суретке түсті.

Күннің екінші жартысында мұражай қызметкерлеріне, облыс кітапханашыларына, театр қызметкерлері мен театр ұжымдарына, мәдени-демалыс ұйымдарының жетекшілеріне, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшілеріне, мәдениет ұйымдарының бухгалтерлеріне арналған 5 секциясының отырысы болды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus