Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Дені сау ұрпақ – дені сау ұлт.
28.03.2017

«Халықтың саулығы – Қазақстан жетістігінің ажырамас құрамдас бөлігі».

Нұрсұлтан Назарбаев

 

Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өту аясында «Денсаулық – мойындалған қажеттілік» тақырыптық кеші өтті.  

Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының негізі қаланған 7 сәуір күні аталып өтіледі және денсаулықтың әр адамның ғана емес, сондай-ақ барша қоғамның да баға жетпес байлығы екендігін түсінуге мүмкіндік береді.     

Шараны ұйымдастырған Абонементтер бөлімінің қызметкерлері кездесуге емдеу орындарының мамандарын, соның ішінде Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық онкология диспансері» КММ дәрігер-терапевті Ю.Е.Кулаковты және «Қостанай қ. № 1 емханасы» МКК өкілдерін: аурудың алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің психологы О.Н.Симанчукты, аурудың алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің дәрігері Ә.М.Тасмұхамбетованы және ауруды алдын ала тексеру кабинетінің мейірбикесі Б.С.Мұстафинаны шақырды.

Шараға қатысушылар өз сөздерінде денсаулықтың баға жетпес байлық екендігін ерекше атап өтісті. Денсаулық адамның еңбекке қабілеттілігін және тұлғаның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін ең басты және маңызды қажеттілік.

Келушілерді кардиология, эндокринология, емдәмтану, аурудың алдын алу медицинасы, спорттық медицина, валеология және зиянды әдеттердің алдын алу бойынша қойылған әдебиеттер мен «Жүрегіңді сақта!», «Темекіні тастайтын кез келді!», «Диабетсіз өмір!», «Тамақты дұрыс таңдай біл!», «Спортпен айналысатын уақыт!» бүктемелері және т.б. ерекше қызықтырды.

Шара соңында барлық тілек білдірушілерге медициналық шағын тексеруден өту: қан қысымын өлшеу, қандағы қанттың деңгейін тексеру, өзінің салмағы мен бойын білу, сондай-ақ мамандардың білікті кеңесін алуұсынылды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus