Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Анадан туған алып» портрет-кеші
29.03.2017

Әмбебап оқу залы 29 наурызда Қазақстанның халық жазушысы, аудармашы, сыншы және драматург, қоғам қайраткері Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың туғанына 115 жыл толуына арналған «Анадан туған алып» атты портрет-кеш өткізді.  

Кештің қонағы болған ақын, журналист, сатирик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облыстық филиалының директоры Ғұмар Ғарифоллаұлы Ахметчин, ақын, журналист, ыбырайтанушы, Қазақстан және Әлем Жазушылар одағының мүшесі Серікбай Оспанов, сондай-ақ ақын, журналист, мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нағашыбай Мұқатов Ғабит Мүсірепов жайындағы естеліктерін ортаға салып, оның шығармашылығы туралы әңгімеледі.

Шара барысында Ғабит Мүсіреповтың сценарийі бойынша түсірілген атақты «Қыз Жібек» фильмінен үзінді көрсетілді, кітапхана қорында сақталып келе жатқан «Ұлпан» аудиокітабынан үзінді оқылды, сондай-ақ жазушының өмірі мен шығармашылығынан хабар беретін фотокөрсетілім ұсынылды.

Шараға қатысқан Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері мен кітапхана оқырмандарының назарына 60 астам басылым қойылған кітап көрмесі ұсынылды.  


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ