Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Ұнайтын кітаптың ұмыт болған беттері
04.04.2017

Халықаралық кітаптар бөлімінде отандық және шетелдік жазушылардың жиырмасыншы жүз жылдықтағы басылымдары қойылған «Ұмытылған кітаптың кереметі» кітап көрмесі безендірілді. 

Көрменің басты мақсаты – ертеректе жазылған, алайда қаншама уақыт өтсе де өзінің көркемдік құндылығын жоғалтпаған, бұрынғыша қызықты, тамаша кітаптардың бар екендігін еске салу.

Себебі «Жақсы кітапты алғаш оқығанда біз жаңа дос тапқан кездегідей сезімде боламыз. Оқылған кітапты қайта оқып шығу – ежелгі досыңмен кездескенмен бірдей»,- деп кемеңгер Вольтердің босқа айтпағаны анық.

Көрмеге қойылған кітаптар өмір мен тағдыр туралы, адамдар арасындағы қарым-қатынас және Ұлы Отан соғысындағы кеңес адамдарының ерлігі жайында әңгімелейді.

Көрмеде көркем шығармалар, бос уақытта оқитын әдебиеттер көп, шетел тілдерін меңгерген түрлі жастағы оқырмандарға арналған.

Оқырмандарды ұмыт болған кітаптарды қайта парақтап шығып, назардан тыс қалған көптеген қызықты және жаңа мәліметтермен танысуға шақырамыз. Көрме үстіміздегі жылдың екінші тоқсаны бойы жұмыс істейді.

  


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ