Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Кітапханадағы сахналық көрсетілім
05.04.2017

3 сәуірде Л.Н.Толстой ат. облыстық кітапхананың жиналыс залында «Өшпейтін Пушкин» халықаралық акциясы аясында А.В.Котельникова жетекшілік ететін ЧелМУ Қостанай филиалының «Галерка» театр студиясы А.С.Пушкиннің «Барышня-крестьянка», «Дубровский», «Капитанская дочка» секілді прозалық шығармалары бойынша өздерінің қойылымдарын көрсетті.

Қойылымның алдында сөз алған Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК директоры Д.Т.Дүйсебаева А.С.Пушкин шығармашылығының әлі күнге өзектілігін жоғалтпағанын, сұранысқа ие екендігін, ХХІ ғасырдың жастарының да жанына жақын екендігін атап өтті. Бұған сахнадағы жас актерлердің және қойылымды көруге келген жастар мен балалардың көптігі жарқын дәлел бола алады. 

Сахналаудың көрермендердің көңілінен шыққанына олардың құшырлана шапалақ ұрғандары куә болды. Көптеген қонақтар көрсетілімнен кейін актерлермен суретке түсіп, алған әсерлерімен бөлісті, кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған кітап көрмесіне келіп, А.С.Пушкинге арналған сирек кітаптарды парақтап жатты.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus