Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Рәміздер 02.06.2017 | Кез келген жаңадан пайда болған
мемлекет ең алдымен өзінің мемлекеттік белгілерін – жалауын, елтаңбасын және
әнұранын белгілеп алады. Бұл олардың елдің саяси тәуелсіздігінің белгілері
болып табылуымен байланысты. 30
мамыр күні қонақжайда Қазақстан
Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Мемлекет
рәміздері – елдіктің ерен белгісі» атты
кітап көрмесінің тұсаукесері болып өтті. Шара шеңберінде Гүлжібек
Бекмұхамедованың «Соединяя землю с небесами» деректі фильмі көрсетілді.
Қостанайлық танымал тұлға фильмнің жасалу тарихы туралы айтып беріп,
студенттерге мақсаттарына жете берулеріне тілектестік білдірді. Өз кезегінде
Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттері журналисті қызыға тыңдап
фильм төңірегінде студенттер авторға сұрақтар қойып, толыққанды жауап алды, және кітап көрмесінде
қойылған кітаптар мен басылым беттерінде жарияланған материалдармен танысты. | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|