Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Махаббаттың мұңын айтқан майталман» (А. С. Пушкиннің туған күніне арналады)
07.06.2017

 6 маусымда бүкіл әлемде А.С.Пушкиннің туған күні – «Пушкин күні» аталып өтіледі. Бұл шарадан өзінің қонақжайына Пушкинге табынушылардың қомақты тобын: қазақ және орыс тілдерінде жазатын қостанайлық әдебиетшілерді, педагогтарды, шығармашылықпен айналысушы зиялы қауым өкілдерін, индустриялық-педагогикалық колледж бен ЧелМУ Қостанайдағы филиалының студенттерін, мектеп оқушыларын  жинай білген Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық кітапханасы да сырт қалған жоқ.

Шара барысында жиналғандар алдында Жолбарыс Баязид, Николай Кочин, Владимир Ляховецкий, Аркадий Денисов, Борис Старшинин, Татьяна Кайгородцева, Олеся Дубиковская сөз сөйледі. Олар А.С.Пушкин шығармашылығының маңыздылығына тоқталып өтіп, Александр Сергеевичке арнаған өздерінің өлеңдері мен шығармаларын оқыды, ал олардың өлеңдерінен шабыт алған Қостанай гуманитарлық колледжінің студенті Болат Қорлан «Евгений Онегиннен» үзінді келтірді.  Қостанайлық автор және орындаушы Наталья Закораның әндері жиналғандардың үлкен қошеметіне ие болды.

Шара А.С.Пушкин шығармашылығының жұрттың басын біріктіруге себепші бола беретінін, оның шығармалары қостанайлық ақындарды қанаттандыра түсетінін, оқырмандардың оның сөздеріне деген махаббаты сөнбейтінін тағы бір рет көрсетіп берді. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ