Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«EXPO-2017: қазақ елінің ең ірі жобасы» кітап көрмесінің тұсаукесері
12.06.2017

12 маусым күні Әмбебап оқу залында Қазақстан астанасы Астанада 2017 жылдың 10 маусымында ашылған «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған «EXPO-2017: қазақ елінің ең ірі жобасы» кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. 

Төрт бөлімнен тұратын «EXPO-2017: қазақ елінің ең ірі жобасы» кітап көрмесіне Л.Н.Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың қорынан алынған 100-ден астам басылым қойылған. 

Көрменің тұсаукесерін Е.Өмірзақов ат. облыстық филармонияның әншісі Манатбек Қадыров осыдан 100 жылдай бұрын, 1925 жылы Париж төрінде шырқалған және ЕХРО-2017 лейтмотивіне айналған «Балқадиша» әнімен ашты.

Шараға жиналғандарды Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының бас маманы Олжабаева Роза Төлешқызы құтттықтады.

Қостанай облысы әкімдігінің «Кәсіпкершілік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ туризм және лицензиялау бөлімінің басшысы Көтенбаев Талғат Жұмабайұлы ЕХРО арналған «Лондоннан Астанаға дейінгі халықаралық көрмелер тарихы» кітабын тарту етті және арнайы дайындалған туристік маршруттар – 12 ұлттық парк пен Қазақстандағы ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұраға енгізген нысандары туралы айтып берді.  

«СарыарқаАвтоПром» ЖШС жобаларының жетекшісі Левашкин Алексей Валерьевич көпшілікке «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қойылатын JACэлектромобильдерінің үлгілерін көрсетті.

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Әлия Намиялының орындауында Отан тақырыбындағы әндер шырқалды. 

Барлық қала тұрғындарын «EXPO-2017: қазақ елінің ең ірі жобасы» кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.  


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ