Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Түрлі түсті палитра» көрмесінің ашылуы
19.06.2017

2017 ж. 19 маусымында Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК А.Никифоров ат. Қостанай сурет мектебінің оқушылары мен оқытушыларының «Түрлі түсті палитра» атты көрмесі ашылды.

Көрермендер назарына жас суретшілер түрлі техникамен – киіз, майлы бояумен салынған кескіндеме, флористика, аралас техника және тағы басқа көптеген тәсілмен орындалған 42 жұмыс ұсынған. Бұл жұмыстардың барлығынан өнер жолына енді келген және сөзсіз талантты суретшіге тән шынайы шабытты, шүбәсіз шынайылықты аңғаруға болады.

Өздерінің шәкірттеріне қолдау көрсету үшін шараға олардың тәлімгерлері – Елена Вениаминовна Васильева, Светлана Ивановна Шалунова,  Гульнара Рудиковна Насибуллина келді.

Көрменің қонақтары – ҚР Суретшілер одағының мүшесі, кескіндемеші суретші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тоқсейітов Марат Төлегенұлы (Астана қ.) мен өнер зерттеуші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Журналистер одағының мүшесі Жұмағұлова Мария Төлегенқызы (Алматы қ.) жас суретшілердің жұмыстарына жоғары баға берді.   

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus