Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
А.С. Пушкин әлем адамдарын біріктіре береді
16.06.2017

2017 жылдың 5 және 8 маусымы аралығында мемлекеттік әдеби-мемориалдық және А.С.Пушкиннің «Болдино» табиғи мұражай-қорығында Р.Ғамзатов ат. Хасавюрт қалалық орталық кітапханасының бастамасымен және «Орыс әлемі» қорының қолдауымен «Өшпейтін Пушкин» халықаралық жобасының ақырғы шарасы болып өтті. Кәсіби жиынға халықаралық сараптама тобы А.С.Пушкиннің әдеби мұраларын балалар мен жастар арасында насихаттау жолындағы ағартушылық бағдарламаларын үздік деп таныған Ресей мен жақын шетелдердің мәдениет және білім мекемелерінің жиырмадан астам өкілі келді.  Л.Н.Толстой ат. Қостанай ОӘҒК атынан  көрме-бұқаралық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Инара Ахмадуллина қатысты.

Шараның ашылуы Ресейдің Пушкин күнінде тарихи мекеннің ауласына қойылған орыстың ұлы ақынының ескерткіші жанында болды. Болдино мұражайының директоры Нина Жиркованың толғанысқа толы сөзінен кейін кезек акцияға қатысушыларға берілді, шараға қатысқан студенттер ақынның өлеңдерін тебірене оқыды. Ресми шара қола монументке гүл қоюмен аяқталды. 

Большеболдин ауданының мәдени-демалыс орталығында үш күн ішінде Нижегород облысының білім беру мекемелерінің педагогтарының және мәдениет саласының қызметкерлерінің қатысуымен төрт жұмыс сессиясы ұйымдастырылды.

Пленарлық отырыста қонақтарды жергілікті өзін-өзі басқару органының басшысы Владимир Кочетов, муниципалдық мәдениет, туризм және спорт басқармасының басшысы  Вера Чернышова және аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Татьяна Доронина құттықтады. Бұдан кейін жобаның жетекшісі Эльмир Якубов төрт ай бойы акцияның қалай жүргізілгені, қандай нәтижелерге қол жеткізілгені және келешекте бұл тәжірибені қалай қолдануға болатындығы жайында айтып берді. Оның баяндамасын өңірлік жоба жетекшілері өздерінің қорытындыларымен және ұсыныстарымен толықтырып өтті.

Дөңгелек үстелдің отырысында орыстың әдеби классикасына, соның ішінде А.С.Пушкиннің шығармашылығына оқырманның қызығушылығын арттырудың заманауи әдістері мен өзекті мәселелері қарастырылды.

«А.С.Пушкиннің әдеби мұрасы Орыс әлемінің рухани бірлігінің негізі» пікірсайысына қатысушылар қызықты тұжырымдамалық әдістер мен практикалық идеялар ұсынды.

«Пушкин Болдиносы» шеберлік сыныбы бұқаралық жұмысты көңілді ойындар түрінде өткізу өскелең ұрпақтың А.С.Пушкиннің өмірі мен шығармашылығын оқуын арттыратынын көрсетті.

Болдино кездесуінің материалдары бойынша барлық баяндамалардың электронды жинағын дайындау және оны еркін пайдалану үшін Интернетке орналастыру жоспарланып отыр. 

Кәсіби әңгімені мәдени бағдарлама: Львовтағы шонжардың мекеніне экскурсия, мұражай экспозициясындағы әдеби түн, орыс романсы кеші, Пушкин балы, Ресейдің еңбек сіңірген суретшісі Анатолий Кувин көрмесінің ашылуы, «Золотой Петушок» кітапханалық мұражайымен танысу, ескі саябақтағы   орыстың көңілді серуені және мәскеулік ақын Тимур Раджабовтың өзінің өлеңдерін оқуы толықтырды.

«Бұл жерлер А.С.Пушкиннің рухына тұнып тұр. Ақынның шабытын шақырған  тамаша табиғаттан басқа мазмұны мол, сол кездің тұрмысын көз алдыңа алып келетін бірегей мұражай экспонаттары,  Болдинода жазылған шығармалар ерекше әсер етеді, себебі «Повести Белкина», ертегілерінің барлығы дерлік, «Маленькие трагедии», көптеген лирикалық өлеңдері осы жерде өмірге келді.  Мен түрлі қалалар мен елдерден келген ақындармен, кітапханашылармен, мәдениет қайраткерлерімен кездесуге мүмкіндік берген «Өшпейтін Пушкин» акциясын ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Бұл Пушкин сөзінің өлмейтініне және оның әлемнің мыңдаған, миллиондаған адамдарын біріктіре беретініне айқын дәлел бола алады»,-дейді сапардан алған әсерін ортаға салған  Инара Ахмадуллина.  

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus