Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Бағдарламалау мектебі
10.07.2017

Алматы қаласынан келген «Love to Code» ЖШС компаниясы «Америка бұрышы» АРО аясында АҚШ Елшілігінің қолдауымен 3 шілде мен 8 шілде аралығында 8 – 18 жас аралығындағы оқушылар үшін бағдарламалау бойынша Жазғы лагерін өткізді.

Бағдарламалау оқуын оқимын дегендер түрлі жас топтарына бөлінді: төменгі топ (8 жастан 12 жасқа дейін) және жоғарғы топ (13 жастан 18 жасқа дейін).

Төменгі топ Scratch бағдарламасымен танысты, соның арқасында балалар компьютерлік ойындар құрастыруды үйренді. Жоғарғы топ болса Python бағдарламасы мен веб-сайттар құру үрдісімен танысты.

Оқушылар жекелеп оқыту форматында дайындалды – бұл формат арқылы оқушылар өзінің зияткерлік қабілеттілігі мен жұмыс қарқынының арқасында материалды мүмкіндігінше толық игеруге мүмкіндік алды.

Оқушылар сессия соңында оң пікір білдіре отырып, бағдарламалаудан алған білімдерін болашақта оқу мен жұмыс барысында қолданатын жоспарларымен бөлісті.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ