Әлемге танымал ақын, белгілі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың 75 жасқа келуіне орай Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың әмбебап оқу залында «Поэзия әлемінің дарабозы» атты кітап көрмесі ашылды.
Оқырмандар автордың көптеген ақындық жинақтарымен және прозалық шығармашылығымен таныса алады. Оның өлеңдері қырғыз және орыс тілдеріне аударылған. «Сенім патшалығы, «Көкейкесті», «Махаббат таңы» пьесалары Қазақ академиялық драма театрында сахналанды.
Көрме тамыздың 17-ші жұлдызына дейін өз жұмысын жалғастырады.
Қала тұрғындары мен қонақтарын және оқырмандарымызды көрмемен танысуға шақырамыз!