29 тамызда Л.Толстой ат. ОӘҒК қызметкерлері облыстық аурухананың конференция залында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған іс-шара өткізді.
Жиналғандардың назарына елдің басты заңының тарихы жайындағы бейнеролик ұсынылды. Кітапханашылар Конституция туралы кеңінен әңгімелеп берді. «Мирас» мәдениет үйінің әншілері патриоттық әндер орындады. Облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Иван Абрамов кітапхана ұжымына алғысын білдіріп, алдағы уақытта да осындай жұмыстардың жалғаса беруін тіледі.