Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Кітапхана және саламатты өмір салты» семинары. Баспасөз хабарламасы.
15.09.2017

         2017 жылдың 20 қыркүйегі күні Федоров ОАКЖ «Кітапхана және саламатты өмір салты» облыстық семинары өтеді.

Жұртшылықтың саламаты өмір сүрудің абыройлы екендігіне сенімін қалыптастыру және саламатты өмір сүруге деген қажеттілікті тәрбиелеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Кітапхана ешкімді емдей алмайды, алайда әлеуметтік институт болғандықтан бұған қажетті барлық ресурстарды: кең көлемді ақпараттар базасын, келеңсіздіктің алдын алу, ескерту, білім беру мақсатында өткізілетін шараларды көпшілікпен және жеке тұлғалармен қалай жүргізуге болатыны жайында бай тәжірибе ұсына алады.

Кітапхана қызметкерлері ағартушылық жұмыстарды үздіксіз жүргізіп келеді, тұрғындарға шынайы өмірде көптеген қызықты және пайдалы дүниелердің бар екендігін: кітап оқуға, спортпен шұғылдануға, музыкамен, туризммен және т.б. айналысуға болатынын жеткізуге ұмтылып келеді.

Семинардың мақсаты – балалар мен жастар денсаулығын әлеуметтік қорғаудың тиімділігіне ықпал ететін дағдылар мен әдеттерді тәрбиелеу мәселелерін талқылау, кітапханалардың жұртшылықтың дұрыс дүниетанымын және саламатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-мәдени жобаларымен таныстыру.

Семинар барысында Федоров, Қарасу және Лисаков кітапхана жүйелері өздерінің жұмыс тәжірибелерімен бөліседі. 

Алтынсарин ОКЖ «Ас адамның арқауы» библиобарын ұсынатын болады.

  Семинарға қатысушылармен тренингтер, квест-ойындар өткізіледі.

  Семинар сағат 10.30 басталады.

Семинар жұмысына қатысу үшін кітапханалардың қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлері шақырылады. Жұмыстың қорытындысы бойынша семинар материалдарының жинағы шығарылатын және барлық қатысушыларға таратылатын болады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus