Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Өнердегі жаңа есімдер»
15.09.2017

          Л.Н.Толстой ат. облыстық кітапхананың өнер бөлімінде «Өнердегі жаңа есімдер» жобасы аясында Қостанайлық әуесқой суретшілер Сергей Понамарев пен Әлия Әбілованың «Көңіл күйі» атты көрмесі ашылды. Бұл атау аталған көрменің мәнін дәл білдіріп тұр, оның экспозициялары көпшілікті көркем өнер шығармашылығының өмірдегі басты ұстанымы болмағанына қарамастан, жан азығы болып қалған екі адамның шығармаларымен таныстырады. Әрбір суретшінің оның ішкі әлемін ашып беретін өзіндік шығармашылық өрісі бар екендігі белгілі.

            Сергей Понамаревтің сурет салумен әуестенуіне мүмкіндігі шектеулі жандардың қолдың көмегінсіз салған суреттерін көруі себеп болды. Олардың сурет салу ептілігіне және ынтасына таң қалады да, мүмкіндігі шектеулі жандар сурет сала алғанда, мен неге сала алмаймын деген ойға келеді.

   Әлия жас суретші, музыкант, блогер. Әлия үшін шығармашылық жан жұбанышына айналды. Айқын, ашық, көңілді болып келетін оның суреттері шынайы да күнделікті өмірді және өмірге деген құлшынысты бейнелейді. Оның қызығушылығы сан алуан, өзінің ұнататын музыкасы, фильмдері, кітаптары және ойыны – шахмат бар.

          Көрмеге қойылған суреттер: қала пейзаждары, гүлдер, жануарлар әлемі, туған жердің табиғаты мен жыл мезгілдері суретшілердің еңбексүйгіштігіне куә болады. Шығармашылықпен айналысу бір-бірінен жас айырмашылығы бойынша, әлеуметтік жағдайы және орындаушылық шеберлігі бойынша ерекшеленетін көрмеге қатысушылардың басын біріктіреді, олардың өздерін жетілдіре түсулеріне және өздерін көпшілікке көрсете алуларына мүмкіндік береді.  

       Барлық тілек білдірушілерді ай бойы жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ