Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Кітапхана және саламатты өмір салты» облыстық семинары
21.09.2017

2017 жылдың 20 қыркүйегі күні Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК Федоров ОАКЖ «Кітапхана және саламатты өмір салты» облыстық семинарын өткізді.

Семинар «Федоров ауданы: уақыт және оқиға» бейнеролигін көрсетумен басталды. Бұдан кейін «Федоров ОАКЖ» ММ әдіскері Лукаш Светлана Андреевна Федоров ауданы кітапханаларының саламатты өмір салтын қалыптасыру бойынша атқарып жатқан жұмыстары жайында айтып берді.

Қарасу ОКЖ кітаптың көмегімен саламатты өмір сүру идеясының жұртшылық арасында қалай таратылып жатқаны жайлы Лейсле Наталья Алексеевна әңгімелеп берді. Баяндаманың аты «Кітап – спорт пен денсаулыққа жеткізер көпір» деп аталды. 

Лисаков  қалалық кітапханасының оқу залының кітапханашысы Демяненко Ирина Анатольевна өзінің баяндамасын «Саламатты өмірге тең келер ештеңе жоқ» деген кесімді тақырыппен  жасады. 

«Федоров аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ психологы Ружицкая Людмила Александровна семинарға қатысушылармен психологиялық тренинг өткізді.

СӨСҚОО Федоров ауданы бойынша құрылымдық бөлімшесінің маманы Цемирман Вера Николаевна медицина мекемелері қызметкерлерінің Федоров ОАКЖ кітапханашыларымен бірлесе атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып берді.

          Алтынсарин ОКЖ кітапханашылары семинар барысында мазмұны бай кітапханалық көрме мен «Денсаулық күзетіндегі кітап» шолуын ұсынды, семинарға қатысушылармен «STOP – КҮЙЗЕЛІС: қазіргі кездің емдік құралдары» библио-релакс көпшілік шарасын өткізді және «Ас адамның арқауы» библиобарында шай берді. 

Семинар соңында Федоров ОКЖ қызметкерлері жұрттың барлығы құлшына қатысқан «Біз салауатты өмір салты үшін» - «Мы за здоровый образ жизни» квест-ойынын өткізді. 

Семинар семинарға ұсынылған тәжірибелерді талқылаумен және жұмыстың қорытындысын шығарумен аяқталды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus