Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Тіл тұтқынға түспек емес
22.09.2017

21 қыркүйекте Әмбебап оқу залы Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тілді құрметтеу – елге көрсетілер құрмет» атты тақырыптық кездесу өткізді.

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Сәдуақасова Айжан Жусанқызы Тілдерді дамыту басқармасының жұмысы жайында және өткізіліп жатқан түрлі тілдік курстар туралы айтып берді. Филология ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ шетел филологиясы кафедрасының профессоры Самамбет Мәнсия Қалмағамбетқызы жастарға шетел тілдерін үйрену бойынша кеңестер беріп, олардың болашақта қандай пайда әкелетіні жайында әңгімелеп берді.

Кездесу кезінде Қазақстан мектептерінде үш тілдік оқытуды енгізу және елдің тіл саясаты секілді күрделі мәселелердің талқыланғанына қарамастан, музыка мен поэзияға да уақыт табылды. Облыстық кітапхана «Мирас» мәдениет үйімен бірге көрермендер үшін бірнеше музыкалық нөмір дайындап үлгерді. Кездесуге келген талантты әртістер Азамат Ибраев пен Дәмір Ерғалиев Отан туралы, туған тіл мен халықтар достығы жайында отаншылдық рухқа толы жүректі тербер әндер орындады.

Келушілердің назарына Қостанай облысының этномәдени бірлестіктерінің тілдеріндегі әдебиеттер қойылған кітап көрмесі ұсынылды.

Кездесуге келген қонақтар өздерінің төл мерекелерімен қатар, еліміздегі тілге қатысты болып жатқан көптеген қызықты және соңы жаңалықтарға қанық болды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus