Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Экран сыртындағы таныс тұлға»
25.09.2017

22 қыркүйекте Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК қонақжайында актер, режиссер, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, жерлесіміз Валерий Александрович Захарьевпен кездесу болды. Қазіргі кезде Валерий Александрович шетелдік фильмдер мен телебағдарламалардың дубляждарында көп жұмыс істейді, ең атақты жұмыстарының ішінде «Санта-Барбара» сериалындағы Мейсон Кэпвеллдің рөлін дыбыстауын атауға болады. Аудио кітаптар жазады. 2007 жылы «Улицы разбитых фонарей» телесериалының бірнеше бөлімін түсіріп, кинорежиссер ретінде көрінді. Кездесуге А.Байтұрсынов ат. ҚМУ журналистика факультетінің бірінші курс студенттері қатысты.

Тамаша әңгімелесуші болып табылатын Валерий Александрович өзінің әңгімесін әдебиетке, кітап оқуға, кітаптың адам өміріндегі маңызына арнады. Әсіресе аудиторияға қонақтың Олжас Сүлейменовтың осыдан 50 жыл бұрын жарық көрген «Год обезьяны» жинағынан оқыған өлеңі ерекше әсер етті. Бұдан кейін Валерий Александрович студенттер мен оқытушылардың сұрақтарына бейнелі және қызықты жауаптар қайтарды. Кездесу кезінде қонақ кітапханаға, оның қызметкерлеріне деген ризашылығын үнемі айтып отырды және кездесуге келгендерді білім аясын кеңейту және мәдени деңгейін көтеру үшін көркем әдебиет оқуға шақырды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ