Казакша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жалынды жырлар жыршысы
27.09.2017

Кітапханада ақын, ағартушы, қоғам қайраткері, 2017 жылдың авторы Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған іс-шара болып өтті. Шара қазақ әдебиетін насихаттау, жұрттың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту мақсатында ұйымдастырылған республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткізілді.

Сұлтанмахмұт Торайғыров – ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақыны және жазушысы, демократиялық көзқарасты ұстанған адам. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қазақ поэзиясына қосқан еңбегі орасан, оның өлеңдері қазақ әдебиетінің асыл қазынасынан лайықты орын алды. Мектеп бағдарламасына енгізілгеннен кейін олар бірнеше ұрпақтың игілігіне айналды. Олардың ең үздік шығармалары қазақ поэзиясының хрестоматиясына және антологиясына енгізілді. 

Микрофон алдына шыққан студент жастар ақынның өлеңдерін және шығармаларынан үзінділер оқыды. Тақырыптық деректі фильмдерден кадрлар көрсетілді. Абонементтер бөлімінің қызметкерлері шара қонақтарын арнайы безендірілген кітап көрмесімен таныстырды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus