Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Әйел – ошағымыздың да, отанымыздың да сақтаушысы
18.10.2017

17 қазан күні Әмбебап оқу залының ұйымдастыруымен «Туған жер» бағдарламасы аясында ұстаз, облыстық кәсіподақ ұйымының ардагері Балбөпе Ғалымжанқызы Ертаевамен мерейлі кездесу өткізілді.

Балбөпе Ғалымжанқызы балалық шағындағы және жұмыс істеген кезіндегі естеліктерімен бөлісті. Әңгіменің негізгі бағыты өзі 35 жыл бойы еңбек еткен кәсіподақ ұйымындағы жұмысы жайында өрбіді.

Кештің қонақтары ретінде келген сыныптастары, бұрынғы әріптестері мен мәдениет қайраткерлері, БАҚ, сондай-ақ  Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері Балбөпе Ғалымжанқызы жайындағы естеліктерін ортаға салысты және оған амандық пен бақ-береке тіледі.

Кездесу барысында көптеген көрсетілімдер ұсынылды. «Әйел – ошағымыздың да, отанымыздың да сақтаушысы» кітап көрмесі оқырмандардың үлкен қызығушылығын тудырды. 

Балбөпе Ғалымжанқызын келе жатқан мерейтойымен құттықтаймыз және оған зор денсаулық тілейміз! 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus