Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Баспасөз хабарламасы
24.10.2017

Баспасөз хабарламасы

Кез келген кітапхананың адамдар секілді өзінің өмірбаяны, өзінің тарихы, өзінің атқарар міндеті бар. Қостанай облысының басты кітапханасына – Л.Н.Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапханаға 2017 жылы 80 жыл толды!

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында жарияланған идеяларын жүзеге асыра отырып Л.Н.Толстой ат. облыстық кітапхана Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының қолдау көрсетуімен «Мемлекеттік кітапханалардың қоғамның дамуына қосар үлесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты көпшілік кітапханалардың қоғамның әлеуметтік өміріндегі маңызын көрсету.

Аталған мақсат аясында келесідей мәселелер талқыланатын болады:

  • кітапханалардың өлкетану жұмыстары;
  • кітапхана қорларын қалыптастырудағы қиындықтар;
  • кітап оқуға тартудың заманауи әдістері;
  • жаңа технологияларды пайдалану;
  • «Америка бұрыштарының» бүгінгі таңдағы жұмыстары.

Мерейтойлық конференцияға Қазақстанның барлық өңірінен, Америка құрама штаттарынан, Ұлыбритания біріккен корольдігінен, Француз Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Қырғызстан Республикасынан мамандар келеді.       

Конференцияның жұмысына еліміздің көрнекті қоғам және мәдениет қайраткері, ғалым, философия ғылымдарының кандидаты Мұрат Әуезов қатысады және өзінің жаңа «Времен связующая нить» кітабын таныстыратын болады. Гуманитарлық ғылымдар академиясының құрметті академигі, Қазақстан журналистер академиясының толық мүшесі, қазіргі кездің танымал ақындардың бірі Ұлықбек Есдәулетов шығармашылық кешін өткізеді.

2017 жыл сонымен қатар елімізде кеңінен аталып өтіп жатқан «Алаш» қозғалысының жүз жылдығы. Осы күнге арналып «Алаш» қайраткерлерінің күрделі еңбектері жарыққа шығарылды, зерттеулердің нәтижелері жарияланды, аталған қозғалыс жайында деректі және көркем әдебиеттер жазылды.

Белгілі қостанайлық ақын, жазушы, драматург Ақылбек Шаяхметтің шығармашылық кешінде өзі құрастырған кітаптың таныстырылуы болады, бұл Қостанай жеріндегі «Алаштың» белсенді қайраткерлерінің бірі Елдос Омаровтың «Шығармалары» кітабы.

Жиын барысында кәсіби сессияларда сабақтар болады және «WEB-RABIS: кітапханаларға арналған жаңа жүйе», «Баспасөздегі сауаттылық», «Күйзелісті көтере білу» тренингтері өткізіледі.  

Тәлімгер ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының (Алматы қ.) мамандары; белгілі журналист, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ журналистика факультетінің алғашқы деканы Гүлнар Асанбаева (Алматы қ.); блогер, жаттықтырушы Владимир Алексанин (Қостанай қ.) қатысатын болады. 

Л.Н. Толстой ат. Қостанай ОӘҒК 80 жылдық мерейтойына арналған «Мемлекеттік кітапханалардың қоғамның дамуына қосар үлесі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының БАҒДАРЛАМАСЫ

Байланыс телефондары: Булатова Гульмира Сабитовна – 50-30-75

Ахмадуллина Инара Баграмовна – 50-03-22

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus