Қазақстан Республикасындағы діни лаңкестікпен күрестің 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Абонементтер бөлімінде кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге қойылған басылымдар қазіргі кездің өзекті мәселесіне айналған терроризмнің түрлі жолдарын қарастырады.
Көрменің көзге түсетін жеріне келесідей басылымдар: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл», «Внешнеполитические инициативы Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева» тарихи-деректі зерттеуі, Қ.Рахманның «Ислам экстремизм мен лаңкестікке қарсы» мақалалар жинағы, исламтанушы ғалым Ш.Ә.Дербісалдының «Ислам – религия мира и созидания» кітабы, ғалымдардың пікірлері енгізілген Э.Чапанның «Ислам о терроре» кітабы қойылған.
Мерзімді басылымдардан алынған мақалалар да маңызды дерек болып табылады.
Көрме 2017 ж. 01 қарашасы мен 01 желтоқсаны аралығында жұмыс істейді.