Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Дәуірлер арасындағы дәнекер
16.11.2017

     Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында біздің рухани мәдениетімізді сақтауымыздың, тіліміз бен әдебиетімізді насихаттауымыздың қажеттігін атап өтті. Мұхтар Әуезовтың шығармалары қазақ классикалық әдебиетінің үздік үлгілерінің бірі және болашақ ұрпақ үшін сарқылмас шабыт көзі болып табылады. 

             Қазақтың ұлы жазушысы, драматургы және ғалымы Мұхтар Әуезовтың туғанына 120  жыл толуы құрметіне «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарыққа шығарылған «Шығармаларының елу томдық толық жинағы» кітаптар сериясының тұсаукесері өткізілді. Шараны ұйымдастыруға кітапхананың абонементтер бөлімі мұрындық болды.

           Шара барысында тұсаукесерге келген ақындар мен жазушылар, мемлекеттік құрылымның өкілдері, қаланың жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары қазақ әдебиеті классигінің шығармашылық және ғылыми мұрасы туралы және оның қазіргі кездегі әдебиет пен ғылым үшін маңызы жайында айтып берді.

ӨзектіЖаңалықтарМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасы