Казакша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Игі ісі қалған жанның аты өшпейді»
23.11.2017

2017 жылдың 22 қарашасында Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК конференция залында тарих ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері және Қостанай қ. құрметті азаматы Зұлқарнай Алдамжардың 80 жылдығына арналған портрет-кеш өтті. 

Зұлқарнай Алдамжар Қостанай облысының тумасы болып табылмайды, алайда ол өз есімін атқарған ісімен Қостанайдың қазіргі тарихына қалдырып кетті. Ол Қостанай педагогикалық институтының Қостанай мемлекеттік университеті болып қайта құрылуына бастамашы болды, көптің есінен ұмыт болған Ахмет Байтұрсыновтың есімін қайта тірілтті, университетке Байтұрсынов атының берілуіне және оған ескерткіш орнатылуына қол жеткізді, Қостанай әлеуметтік академиясының (қазіргі ҚӘТУ) құрылтайшысы болды. Ол университетте қазақ бөлімін ашқан алғашқы ректор болды. Сонымен қатар ғалым-оқытушы ретінде Зұлқарнай Алдамжар Қазақстанға ғана емес, сондай-ақ алыс және жақын шетелге де белгілі болатын.  Ол Қазақстанда білім берудің әлемдік стандарттарын енгізуге ұмтылды және осы мақсатта ресейлік және еуропалық жоғары оқу орындарымен белсенді жұмыс істеді, ғылыми жұмыспен айналысты, 300 астам жарияланымның авторы болып табылады.

Шараға Зұлқарнай Алдамжардың дос-жарандары, әріптестері мен ұстаздың шәкірттері: ҚӘТУ ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры М.Ф.Баймұхамедов, ҚӘТУ экономика және басқару кафедрасының профессоры Е.Х.Махметов, Қазақстан жазушылар одағының мүшелері Ж.Баязид пен Н.Мұқатов, ҚМУ мен ҚМПИ оқытушылары А.Әбсадық пен Ө.Исенов қатысты, Атырау мемлекеттік университетінің профессоры А.Хафизұлы шараға қатысушыларға өзінің бейнебаяндамасын жолдады. Сондай-ақ шараға қатысқан З.Алдамжардың жұбайы Гүлсара Шолпанбайқызы кітапханаға ұстаздың кітаптарын сыйға тартты. Қонақтар осы бір бірегей тұлға жайындағы естеліктерін ортаға салып, оның Қостанай облысының білім саласын дамытуға қосқан үлесінің зор екендігін атап өтісті.

Кеш Л.Толстой ат. ОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus