Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Топ жарғандар
27.11.2017

 26 қарашада әмбебап оқу залы Қазақстан халқының облыстық ассамблеясымен бірлесе отырып «Топ жарғандар» (әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің мерейтойы) тақырыбымен кезекті еврей кітапбының қауымдық фестивалін өткізді. Биылғы фестивальдің ерекшелігі оған рудныйлықтардың қатысуы болды.

Шараға сондай-ақ облыс орталығының басқа да этномәдени орталықтарының өкілдері мен қала жұртшылығы қатысты.

Фестивальға арналып мәдениет және өнер саласындағы танымал тұлғалар туралы ақпарат берген «Мерейгерлер мекені» электронды таныстырылымы және «Мерейтойлық алқа» кітап көрмесі дайындалды. Фестивальға қатысушылардың танымал және жұрт ұнататын әндерді орындауы, өлеңдер оқуы шараның шырайын келтіріп, оның көңілді өтуіне себепші болды.

Кітапханада өткен ЕМОФ-2017 шарасы сәтті шықты, фестивальдің қонақтары мен қатысушылары белгілі авторлардың көркем әдебиеттері мен олар жайындағы жарияланымдарды одан ары оқи беретін болады.  

           Қазіргі кездегі сан алуан әдебиеттің ішінен оқырманға пайдалы әдебиетті таңдап алу оңай шаруа емес, ал өткізілетін шаралар мұндайда оқырманға көп көмек тигізеді және олардың кітап пен мерзімді басылымға деген қызығушылығын арттыра түседі. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ