Казакша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ұлы дала тұлғалары: Кейкі батыр ізімен» ғылыми-зерттеу экспедициясы жетекшілерімен кездесу
29.11.2017

28 қарашада кітапхананың конференция залында өлкетану әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері «Ұлы дала тұлғалары: Кейкі батырдың ізімен» ғылыми-зерттеу экспедициясының жетекшісі А.Байтұрсынов ат. ҚМУ профессоры Алмасбек Әбсадықовпен «Ер Кейкі - ел есінде» атты кездесу өткізді.

Үстіміздегі жылдың қыркүйегінде 1916 жылғы Торғай көтерілісіне белсенді қатысушылардың бірі Кейкі батырдың – Нұрмағамбет Көкембайұлының сүйегі қайта жерленді.

Оны 1923 жылдың сәуірінде қызыл әскерлер өлтіріп, басын кесіп әкеткен болатын. Осы уақытқа дейін Ресей академиясының Ұлы Петр ат. антропология және этнография мұражайында сақталып келген батырдың бас сүйегі 2016 жылы арнайы ұшақпен Қазақстанға жеткізілді. Сүйек күзде Амангелді ауданында жерленді.

Экспедицияға қатысушылар Амангелді және Жангелді аудандарындағы Кейкі батырдың өмірі мен өліміне қатысы бар жерлердің барлығында болып шықты. Ғалымдар оның әрекеті туралы деректер жинап қана қоймай, тұрғындармен де тілдесті, қажетті ақпарат ала жүріп, Нұрмағамбет Көкембайұлының кім болғанын және оған жаңа тарихымызда қандай рөл беріліп отырғандығын түсіндірді. Экспедиция жұмысының қорытындысы бойынша оның материалдарының негізінде деректі фильм жасалды және ол шара барысында көрсетілді.

Гуманитарлық колледждің студенттері мен Ы.Алтынсарин ат. мектеп-интернаттың оқушылары философия кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Қалқаман Жақып пен профессор Алмасбек Әбсадықовтың әңгімелерін қызыға тыңдады. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus