Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қазақтың алтын қызы»
06.12.2017

6 желтоқсан күні А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ «Білім орталығында» аграрлық-техника және технология мамандығының оқытушылары мен студенттерінің ұйымдастыруымен Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Байғазықызы Дөненбаева апамызға арналған «Батыр тұлғадан ізгі жол» атты еске алу кеші өтті.

Кешке  Еңбек Ері Сайран Бұқанов, ақын Ақылбек Шаяхмет, айтыскер ақын Әсия Беркенова қатысып, Кәмшат апамыздың  елге жасаған игі ісі мен өнегелі өмірі көпке үлгі болатынын жеткізді.

Арнайы шараға ұйымдастырылып қойылған  Л. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Қазақтың алтын қызы» аталатын кітап көрмесі көпті сүйсінтті. Кітап көрмесінде Кәмшат апамызға  арналған кітапхана қорындағы кітаптар мен әр жылдары жазылған мерзімді басылымдардағы мақалалар, фото-суреттер қойылған.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus