Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Ақпарат күні
11.12.2013

2013 жылдың 6 желтоқсаны күні Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК кітапхана процестерін автоматтандыру және механикаландыру бөлімінде медицина колледжінің 1 курс студенттеріне арналған «Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК ақпараттық технологиялардың оқу процесіне тигізер көмегі» атты Ақпарат күні өткізілді.  

Бағдарламаға кітапханаға экскурсия, КПАМБ ресурстарымен таныстыру, «Электронды басылымдар» көрмесін қарау, кітапхана сайттарына виртуалды экскурсия – виртуалды каталогпен, виртуалды анықтама қызметімен, ҚЭЖ таныстыру енгізілді. Кітапхананың виртуалды ресурстарымен жұмыс істеу бойынша әңгіме өткізілді. Тәуелсіздік күні аясында кітапханаларды дамыту бөлімінің аға кеңесшісі қатысушыларды «Ыбырай Алтынсарин - қазақтың ұлы педагог-ағартушысы» мультимедиялық электронды құралымен таныстырды.

Шара соңында кітапхананың бейнемұрағатында сақтаулы тұрған медицина тақырыбына арналған «Ода мужества» атты фильм қарап шығулары үшін колледж студенттеріне ұсынылды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ