25 желтоқсанда белгілі ақын, драматург және прозашы Қапан Сатыбалдиннің туғанына 100 жыл толады.
Қапан Сатыбалдин қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосты. Бірнеше буын ұрпақ өкілдері оның шығармаларын оқып өсті. Ол «Махаббат машақаты», «Ұзақ жол» және тағы басқа драмалық шығармалардың, «Песня зовет», «Дина Нұпейісова» көркем және деректі фильмдері сценарийінің авторы.
40-50 жылдары Қ. Сатыбалдин «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, «Қазақфильм» киностудиясы директорының орынбасары, «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары болып еңбек етті.
Жазушының мерейтойы оның шығармашылығын еске алудың және оның өлеңдерін, әңгімелерін, поэмаларын оқып шығудың тамаша себебі болып табылады.
Абонементтер бөлімінде осы бір танымал тұлғаның өмірі мен шығармашылығы жайындағы құнды ақпаратпен танысуға болады.