Әмбебап оқу залында «Зияткерлік зертханасы» зияткерлік клубы жұмысының аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған дойбыны бір мезгілде бірнеше адаммен ойнау әдісі бойынша Ю.Бондаренконың шеберлік сыныбы болып өтті.
«Зияткерлік зертханасы» зияткерлік клубы 2017 жылдың сәуірінде құрылды. Зияткерлік клубы спорт шеберлігіне кандидат, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Алиса Козыбаевадан бастап Қостанай шахмат клубымен ынтымақтастық орнатқан.
Дойбы тартысына кітапхананың тұрақты оқырманы, профессор Юрий Яковлевич Бондаренко жетекшілік етеді.Клубтың құрамына белсенді оқырмандар Ернар Жақсыбаев, Аслан Хайрамов және Темірлан Әубәкіров, сондай-ақ зейнеткерлер кіреді.
Турнирге кітапхананың 20 оқырманы қатысады.