Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жазғаны жанды жадыратқан»
22.12.2017

2017 жылдың 22 желтоқсанында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК әдеби-ақпарттық бөлімі мен әдеби орталығында «Жазғаны жанды жадыратқан. Безграничные просторы этой творческой души» әдеби байқауының қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау салтанаты болып өтті. Байқау әдебиеттің үздік дәстүрлерін сақтау, ұрпақтар жалғастығын сақтау және ұлттық мәдениетті дамыту,  қазақ және орыс тілінде жазатын авторлардың шығармашылық мүмкіндігін жүзеге асыру, оларды оқырмандарға таныстыру, өскелең ұрпақтың сөзді қадірлей білуін, отандық әдебиетті сүюін, отаншылдықты тәрбиелеу мақсатында өткізілді.  Байқауға қатысушылардың үздік жұмыстары «Рухани жанғыру» бағдарламалық мақаласы аясында шығарылатын «Әдеби Қостанай» альманахына енетін болады.

Қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орын Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлына берілді.

Екінші орынды Сергей Валерьевич Лешаков пен Эльмира Агажанова бөлісті.

Ынталандыру сыйлығы Баязид Ақбар қажы Жолбарысқа, Айжан Рахымбековаға және Олеся Дубиковскаяға тапсырылды.

Шара тұрғындардың түрлі санатының назарын аударды. Марапаттау рәсіміне көптеген шығармашылық өкілдері: жазушылар, оқу орындарының оқытушылары, суретшілер, журналистер қатысты. Жеңімпаздар мен лауреаттар бағалы сыйлықтар мен дипломдарға, ал барлық қатысушылар алғыс хаттарға ие болды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus