Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Құрметті оқырмандар!
08.01.2018

2018 жылдың 5 қаңтарынан бастап кітапхананың екінші қабатында ағылшын ақыны, жазушы және драматург Джордж Гордон Байронның 230 жылдығына арналған «Арманшыл ақын» атты кітап көрмесі ашылды. 

Романтизм дәуірімен байланысты болған шығармашылығы көркем сөз саласындағы сирек құбылыс ретінде әлем әдебиетінің тарихына енген ағылшын ақынының қайтыс болғанына бір жарым ғасырдан астам уақыт өтті, алайда Байронның жеке басы мен шығармашылығына деген қызығушылық бұрынғысынша басылмай келеді, ол жайындағы әңгіме мен дау-дамай әлі күнге толастаған емес. Байрон поэзиясының жаңашыл рухын, оның романтикасының көркемдік әдісін түрлі ұлттардың ақындары мен жазушыларының келесі ұрпағы іліп әкетті және одан ары дамытты.   

Сирек кітаптар қоры дайындаған көрмеге атақты ақынның өмірі мен шығармашылығы жайындағы материалдар қойылған. Көрме ай сайын жаңартылып және толықтырылып отырылатын болады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ