Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«IT-басылым-2018: ең қызықты және танымдық дүниелер»
09.01.2018

Л.Н.Толстой ат. Қостанай ОӘҒК түрлі тақырыптағы көптеген қызықты басылымдарды жаздырып алады. Солардың ішінен әмбебап оқу залы қорындағы ІТ-технологияның заманауи бағыты бойынша алынатын «Chip», «Мир ПК», «Игромания», «Современные технологии автоматизации» журналдарын ерекше атап өтуге болады. Бұл журналдарда жаңа гаджеттер мен компьютер ойындарынан басқа да көптеген ақпараттар жарияланады. 

ІТ-технология өміріміздің барлық саласына еніп келеді. Жаңа мың жылдықтың 18 жылында адамдар жаңа әлемге еніп кеткендерін байқамай да қалды, біз басқа ғаламда тұрып жатырмыз, тегімізді жөндей алатын және ойымызды басқара алатын болдық, көліктің жаңа түрін шығардық – дрондармен ұшып жүрміз, болжам бойынша жақында құлтемір қызмет ететін «ақылды үйлерде» тұратын боламыз. ІТ-басылымның соңғы сандарының мазмұны туралы ұзақ әңгімелеуге болады. 

Егер сіз соңғы жаңалықтарға, қызықты және танымдылығы мол дүниеге құмар болсаңыз және ІТ-технология жайындағы оқиғаны бірінші болып білгенді қалайтын болсаңыз, бұл журналдар сізге арналған. Олардың барлығы «IT-басылым-2018: ең қызықты және танымдық дүниелер» көрмесіне қойылған.

Сіздерді әмбебап оқу залында күтеміз! 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus