Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Әлем Елшісі: Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде
10.01.2018

Құрметті оқырмандар!

 

2018 жылдың қаңтарында біздің еліміз тарихта алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етедi.

Қазақстанның БҰҰ ҚК төрағалық етуі халықаралық жоғары мәртебе болып табылады.   

БҰҰ Жарғысына сәйкес ҚК жер бетіндегі бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті сақтау бойынша басты жауапкершілік жүктеледі.

Аталған елеулі саяси оқиғаның орын алуына байланысты Әмбебап оқу залында «Әлем Елшісі: Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде» кітап көрмесі безендірілді.

Ұсынылған кітап көрмесіне БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысындағы өңірлік және ғаламдық мәселелерді көрсететін, Қазақстанның халықаралық қауымдастықтың жауапты мүшесі ретіндегі ұстанымын көрсететін материалдар қойылған.

Қызығушылық білдірген барлық оқырмандарды асыға күтеміз!


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ