Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Латын әліпбиі – бірегейлік пен жаңғыру негізі
15.01.2018

Құрметті оқырмандар!

Әмбебап оқу залында қазақ тілін кириллицадан латын қарпіне көшірудің өзекті мәселелеріне арналған «Латын әліпбиі – бірегейлік пен жаңғыру негізі» кітап көрмесі жұмыс істеп тұр.   

Кітапхана ақпараттық орталық ретінде оқырмандарға қазақ тілінің біртіндеп латын қарпіне көшуінің тарихи маңыздылығын, оның Қазақстанның әлемдік жаһандану процесіне қосылуының басты шарттарының бірі екендігін түсіндіру міндетін мойнына алып отыр.   

Қазақ халқының рухани, мәдени өсуін және даму деңгейін көрсететін әлеуметтік құбылыс ретінде көрмедегі қазақ жазуы ерекше көрсетілген. Себебі кез келген жазу – бұл өткенді, қазіргі мен келешекті жалғастырар алтын көпір.

 Көрмеге қазақ тілін кириллицадан латын қарпіне көшірудің артықшылығын көрсететін және оның болашақ ұрпақтың қарым-қатынас аясын кеңейтуге, ақпарат алуды арттыруға, халықаралық тілдерді үйренуді жеңілдетуге мүмкіндік беретінін түсіндіретін әдебиеттер қойылған.   

Барлық тілек білдірушілерді кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus