Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Сахна реформашысы»
17.01.2018

2017 жылдың 12 қаңтарынан бастап өнер туралы әдебиеттер бөлімінде актер, режиссер, педагог К.С.Станиславскийдің 155 жылдығына арналған «Сахна реформашысы» кітап көрмесі жұмыс істейді. Көрмеге оның өмірі мен шығармашылығы жайындағы кітаптар мен мерзімді басылымнан алынған мақалалар қойылған.  

Константин Сергеевич Станиславский  – әйгілі актер, режиссер, педагог және театр теорияшылы. Ол 100 жылдан бері ауыздан түспей келе жатқан атақты актерлік жүйесін құрушы. Станиславскийдің таңғаларлық сан қырлы актерлік шығармашылығында (Чеховтың «Дядя Ваня» және Горькийдің «На дне» шығармаларындағы Астров пен Сатин, Островскийдің «На всякого мудреца довольно простоты» пьесасындағы Крутицкий мен Мольердің «Мнимый больной» пьесасындағы Арган), оның режиссерлік жұмысында өмірде шындықты ұстанғанда нәтиже болатындығы көрініс тапқан. Константин Сергеевич Станиславскийдің жүйесі жер жүзі білетін және бағалайтын шынайы шебердің тамаша мұрасы болып табылады.

Көрме ай бойы жұмыс істейді. Барлық тілек білдірушілерді көрмемізді тамашалауға шақырамыз. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ