Құрметті оқырмандар!
Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК әмбебап оқу залында «Рухани
жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасына арналған «Рухани жаңғыру – елімізді
болашаққа бастар жол» кітап көрмесі безендірілді.
Қоғамдық сананы жаңғырту жайында Президенттің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру"
бағдарламалық мақаласы жарияланған сәттен айтыла бастады, онда елбасы шұғыл
қолға алынуы қажетті міндеттерді атап көрсеткен болатын. Солардың бірі Қазақстанның әлемнің дамыған
30 елінің қатарына ену болып табылады. Президент бұл мақсатқа қол жеткізу
жолындағы ең маңызды мәселе қазақстандықтардың ұлттық рухын көтеру деп біледі.
Бұл дегеніміз ұлттық төл мәдениетті жаңғырту, халықтың дәстүрін, салтын,
әдет-ғұрпы мен мерекелерін сақтау болып табылады. Төл мәдениетіңнің бастауын,
өз халқыңның өткен тарихын білу ұлттық-генетикалық кодтың негізі болып
табылады.
Көрмеден көптеген қызықты нәрселерді таба аласыздар,
туған өлкеңіздің тарихы туралы көбірек біле аласыздар, төл мәдениетіңіздің
мұраларымен жақынырақ таныса және халқымыздың салты мен дәстүріне қатысты жаңа
және танымдық дүниелерді біле алатын боласыздар. Сондай-ақ көрме оқырмандардың
әр түрлі мемлекеттік жобалар жайындағы білімін кеңейте түсуге бағытталған. |