Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Шақшақ Жәнібек: Тарих. Тұлға. Уақыт» ақпараттық сағат
01.02.2018

30 қаңтарда өлкетану әдебиеттері бөлімі Қостанай гуманитарлық колледжінде Шақшақ Жәнібектің 325 жылдығына арналған «Шақшақ Жәнібек: Тұлға. Тарих. Уақыт» ақпараттық сағатын өткізді. 

Арғын руынан шыққан белгілі батыр, атақты би, алғашқы тархан (Шығыстағы бірінші тархан – фельдмаршалға тең әскери атақ) Торғайда дүниеге келген. Ол Шақшақтың алты ұлының бірі Көшейден туған Қошқардың баласы болатын. Шөбересіне батасын беріп тұрып Шақшақ оның болашақтағы тағдырын болжап, өмірінің халқының келешегі үшін ат үстінде өтетінін айтады.   

XVIII ғ. қырықыншы жылдарының соңына қарай Жәнібек тархан саяси және әскери істен қол үзіп, қазіргі Қостанай облысының аумағында, негізінен Торғай төңірегінде өмір сүреді, халықтың зор құрметіне бөленеді.  Әкімшілікпен бірге аумақта сол кездегі ресейлік үлгідегі үйлер салумен айналысады.  1752 ж. Торғайда дүние салған Жәнібек тархан Түркістандағы Қожа Ахмет Яассауи кесенесіне жерленеді.

Кітапхана қорынан алынған әдебиеттер қойылған кітап көрмесіне батырдың өмірі, жорықтары, саяси және әскери қызметі жайындағы кітаптар, сондай-ақ оның Қостанайдағы ескерткішінің ашылу сәті бейнелеген суреттер мен мерзімді басылымнан алынған мақалалар қойылған. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus