Өз оқырмандарына қорларындағы барлық ең жаңа, өзекті, қызықты басылымдарды көрсету мақсатында абонементтер бөлімі 2018 жылы «Кітап оқитын кісі» кітап көрмелері циклін ұсынады және соның аясында кәсіби қызметтің ең маңызды салаларының жемісті болуына арналған әдебиеттер ұсынылатын болады.
Қаңтар айында оқырмандар «Табысты кәсіпкер» тақырыбындағы кітаптармен танысып үлгерді. Ақпанда біз жер бетіндегі ең игілікті, адамгершілікті және қажетті мамандықтардың бірі – дәрігер мамандығы қызықтыратындарды шақырамыз. Оқырмандар назарына медицина ғылымының атақты зерттеушілері мен оның негізін салушылардың өмірі мен қызметі жайындағы кітаптар, сондай-ақ С.М.Бубновский, А.Л.Мясников, С.Н.Агапкин секілді қазіргі кездегі дәрігерлердің және т.б. кітаптары ұсынылатын болады.
«Кітап оқитын кісі» цикліне енген кітап көрмелері ай сайын жаңартылып отырылатын болады. Кітап пен кітап оқығанды ұнатушылардың барлығын көрмеге шақырамыз.