2018 жылдың 7 ақпанында азаматтарға құжаттың негізгі қағидаларын түсіндіру, құжат туралы жалпы ақпарат беру мақсатында «Дамудың жаңа сапасы» көрме-қарауы өткізілді. Шара «ҚР ІІМ оқу орталығы» ӨММ өткізілді.
Көрмеге мемлекетіміздің ресми құжаттары, кітаптар, елдің даму барысы жайындағы, экономиканың, әлеуметтік саясаттың негізгі мәселелері бойынша, еліміздің халықаралық деңгейдегі рөлі мен беделі туралы мерзімді басылымдардан алынған мақалалар қойылды. Көрменің курсанттардың көңілінен шығуы үшін республикалық және жергілікті мерзімді басылымдар, республика мен Қостанай облысының экономикалық және әлеуметтік өмірлерінен алынған статистикалық ақпараттар пайдаланылды. Тыңдаушылар үшін бейнероликтер көрсету арқылы кітап көрмесіне шолу жасалды.
Шараға 80 адам қатысты.
Көрмеге 157 басылым қойылды. Олар 471 рет қаралды. Қолға 15 әдебиет берілді.