Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Латын әліпбиі - болашағымыздың бастауы» дөңгелек үстелі
14.02.2018
14 ақпанда Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Латын әліпбиі - болашағымыздың бастауы» дөңгелек үстелі өтті.

Шараның қонағы болғандар: Бимағанбетов Кенжеғали Әмірғалиұлы – Қостанай облысы әкімдігінің «Тілдерді дамыту басқармасы» ММ бөлім басшысы, Құлбаева Мейрамкүл Мұратқызы - «Тіл дарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ мемлекеттік тілді оқытушысы, Әбсадықов Алмасбек Ахметұлы – профессор, А. Байтұрсынов ат. ҚМУ филология ғылымының докторы, Нұржан Гүлжанат Түйебайқызы – Қостанай гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы, Бекболсынова Гүлжан Нұрмолдақызы – Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары.

Шара барысында Қостанай облысының оқу орындарында латын қарпін енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ латын қарпіне көшудің алдағы жоспары талқыланды. Студенттер мен Ш. Қабылбаев ат. академияның тыңдаушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оған толық жауап алды. Шара соңында дөңгелек үстелдің қонақтары кітаптар мен мерзімді басылымның материалдары қойылған кітап көрмесімен танысты.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus