Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Орбұлақ шайқасы – қазақтардың жауынгерлік рухының көрсеткіші
22.02.2018

21 ақпанда әмбебап оқу залының қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта қазақ халқының еркіндігі мен тәуелсіздігі жолындағы ең ірі шайқастардың бірі болған Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына арналған «Орбұлақ шайқасы» ақпараттық сағатын өткізді.

Орбұлақ шайқасы 1643 жылы қазақ пен жоңғар арасындағы соғыс кезінде болып, осы шайқасты Жәңгір хан мен Жалаңтөс батыр бастаған қазақтар жоңғар әскерін тас-талқан етіп жеңді.

Бұл шайқастың қазақ қоғамы үшін маңызы зор болды: жұрт жоңғар басқыншылығынан құтылу үшін бір жерге бағындырылған басшылықтың, өзара көмектің және іс-қимылды дұрыс ұйымдастыра білудің қажеттігін түсінді. Дәл осы Орбұлақ шайқасы қазақ батырларының ерлігінің, батылдығының, қаһармандығының және әскери шеберлігінің үлгісіне айналды.  

Шараға Ы. Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

«Орбұлақ шайқасы – ерлік пен бірліктің үлгісі» кітап көрмесіне кітапхана қорынан алынған осы шайқас жайындағы кітаптар, сондай-ақ ұлы шайқастың 350 жылдығына арналып ашылған ескерткіш туралы мерзімді басылымда жарияланған фотосуреттер мен мақалалар қойылды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ