Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Шабытымды шақырар шаһар
22.02.2018

Л. Н. Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қостанайға қала мәртебесінің берілгеніне 125 жыл толуына арналған облыстық «Шабытымды шақырар шаһар» әдеби байқауын жариялайды. 

Байқауға 15 пен 50 жас аралығындағы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазатын авторлардың туған қалалары туралы жазылған прозалық және поэтикалық шығармалары қабылданады.

Материалды қабылдау 2018 жылдың 1 ақпаны мен 15 тамызы аралығында жүргізіледі.

Жеңімпаздарға дипломдар мен жүлделер тапсырылады. Байқаудың үздік жұмыстары «Әдеби Қостанай» альманахына енгізіледі.

Байқауға қатысудың шарттары туралы толығырақ Ережеден немесе 500-322 телефоны арқылы білуге болады.

 

Облыстық «Шабытымды шақырар шаһар»

әдеби байқауы туралы

ЕРЕЖЕ

 Байқаудың жалпы ережесі:

Қостанайға қала мәртебесінің берілгеніне 125 жыл толуына арналған байқауға авторлардың мемлекеттік және орыс тілдерінде туған қалалары туралы жазылған үздік шығармалары келесідей номинациялар бойынша қабылданады:

- проза (эссе, очерк, әңгіме) – А4 нысандағы 6 беттен аспауы тиіс;

- поэзия, өлеңдер топтамасы – 120 жолдан аспауы тиіс;

- поэма – 150 жолдан аспауы тиіс.

 Қазылар алқасының мүшесі байқауға қатыса алмайды!


Ұйымдастырушы:

Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК.

Байқаудыңмақсаттары мен міндеттері:

         Байқау әдебиеттің үздік дәстүрлерін сақтау, ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық мәдениетті дамыту, қазақ және орыс тілдерінде жазатын авторлардың шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру, оларды оқырманмен таныстыру, өскелең ұрпақтың тілдің құдіретін сезінуін, отанға деген сүйіспеншілігі мен отаншылдығын тәрбиелеу мақсатында өткізіледі.

 Байқауға қатысушылар:

        Байқауға 15 пен 50 жас аралығындағы авторлар шақырылады.

 Шығармашылық жұмысты рәсімдеу және мазмұнына қатысты талаптар:

- байқауға авторлардың бұрын жарияланған немесе жарияланбаған, алайда басқа байқауларға қатыспаған үздік шығармашылық жұмыстары электронды және баспа түрінде қабылданады;

- жұмыстар TimesNewRoman қарпімен, 14 өлшеммен, 1,5 жол аралықпен орындалады;

- баспа түріндегі жұмыстар пластикті папкаларда қабылданады;

- баспа жұмысының немесе электронды хаттың бірінші бетінде төмендегі үлгі бойынша толтырылған автор туралы ақпарат (сауалнама) қоса беріледі:

- тегі, аты, әкесінің аты;

- туған жылы, айы, күні;

- тұрғылықты жері, пошталық мекенжайы;

- байланыс телефондары;

- электронды поштасының мекенжайы.

 

Байқау жұмыстарын бағалау:

Барлық жұмыстар келесідей талаптар бойынша бағаланады:

1. Стилистика. Түр мен мазмұнның біртұтастығы.

2. Ұйқастың сапасы  (дәлдік, бірегейлік, күрделілік).

3. Ұйқастың, өлшемнің, көлемнің сақталуы (дәлдік, бірегейлік, күрделілік).

4. Поэзияның классикалық әдістерін пайдалану. Автордың өзіндік стилі.

5. Сөйлемнің мағынасын бұзуына әсер ететін негізсіз инверсияның болмауы (сөйлемдегі сөздердің әдеттегі ретінің бұзылуы).

6. Фонетика (дыбысталуы). Оқуға оңайлығы.       

7. Материал мағынасының тереңдігі, логикалық байланысы, композициясы.

8. Мәнерлілігі, сөздік қоры, метафоралар, эпитеттер, аллегориялар қолдану.

9. Тақырыпты ашудың өзгешелігі, ерекшелігі.

10. Сезімге әсер етуі.

 

Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау:

Ұйымдастыру комитеті қазылар алқасымен бірге байқаудың қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылдайды, марапаттар көлемі мен марапаттау тәртібін анықтайды, байқаудың үздік жұмыстары «Әдеби Қостанай» альманахына енгізіледі.

 

Байқаудың қорытындысын шығару:

- материал жинау 2018 жылдың 01 ақпаны мен 15 тамызы аралығында жүргізіледі.

- қазылар алқасының шешімі бойынша үздік шығарманың (номинациясына қарамастан) авторына Гран-при және диплом тапсырылуы мүмкін.

 

 Байқауға келесідей жұмыстар қабылданбайды:

- ҚР заңына қайшы келетін;

- байқау жұмысын рәсімдеуге және мазмұнына қойылған талаптар бұзылған;

- плагиат;

- ұлтаралық және дінаралық араздық тудыратын;

- сауатсыз жазылған, бейәдеп лексика қолданылған жұмыстар.

 

Авторлық құқық:

- авторлар жұмыстарын байқауға жолдай отырып  жолданған жұмыстардың міндетті түрде авторларын көрсету арқылы баспа және электронды түрінде басылымдарда пайдаланылуына автоматты түрде келісім береді.

 

Байқау материалдары мына мекенжай бойынша қабылданады:

Қостанай қ., Алтынсарин көш. 111,

Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК, әдеби орталық, телефон: 500-322

e-mail: lit-center@mail.ru

Құрметті авторлар, ынтымақтастығымыз жемісті болады деп сенеміз.

Қатысушының сауалнамасы

Тегі                                                           
Аты, əкесінің аты   
Қызмет орны, оқу орнының аты  
Мекен-жай  
Телефон нөмірі 

Күні /Дата  _____________________

Қолы / Подпись_________________
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus