Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Жюль Верннің ең үлкен құпиясы
22.02.2018

Әдеби-ақпараттық бөлім француз жазушысы Жюль Верннің туғанына 190 жыл толуына және «Дети капитана Гранта» романының жарияланғанына 150 жыл толуына арналған «Бұрын-соңды болмаған саяхат» атты безендірілмелі кітап көрмесін дайындады. 

Ғалымдардың, саяхатшылардың және қарапайым, әр нәрсеге құмар адамдардың бірнеше ұрпағы оның кітаптарын оқып өсті. Қазіргі кезде Жюль Верннің шығармалары оқырмандар ең көп алатын дүниелер қатарында, ал басқа тілге аударылуы бойынша тек Агата Кристидің романдарына жол беріп келеді. Көрмеге романдар мен повестердің түрлі басылымдары ғана емес, сондай-ақ көп танылмаған «История великих путешествий» деректі хроникасы, экранға шығарылған ең атақты дүниелердің плакаттары, өзінің ұлы жазған Жюль Верннің өмірбаяны, мұның сыртында тарихшы Лев Вяткиннің жұрттың дегбірін алар «Знакомый незнакомец: самая большая тайна Жюля Верна» мақаласы қойылған.

Егер сіз қатерлі оқиғаларды, қызықты саяхатты, күтпеген жаңалықтарды ұнататын болсаңыз, бұл көрме сізге арналған. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ