Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Алыстағы Коста-Рика жақындай түсті
23.02.2018

23 ақпанда Л. Н. Толстой ат. Қостанай ОӘҒК Коста-Риканың Ресей Федерациясындағы елшісі Артуро Фурнье Фасиомен кездесу болып өтті. Кездесуге облыстық әкімдіктің өкілдері, кәсіпкерлер мен мәдениет қызметкерлері қатысты. Әңгіме достық ахуалда өтті және түрлі саланы қамтыды. Елші мырза сұрақ қойған кісілердің барлығына жан-жақты жауап берді. Ол кітапхана қызметкерлерінің өзінің туған елі Коста-Рика жайында дайындаған тамаша кітап көрмесін ерекше ықыласпен атап өтті, өзінің кітап оқығанды қатты ұнататынын және бүгінгі кездесудің кітапханада өтуінің бекер еместігін жеткізді.

Артуро Фурнье Фасио «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу кезінде біздің қаламызда болып кеткен болатын, қала оған өте жақсы әсер қалдырды. Бұл жолы ол облыстық кітапханаға испан және итальян тілдеріндегі кітаптардың үлкен бір шоғырын тарту етті. Олардың ішінде көркем шығармалар, ғылыми және оқулық басылымдар бар және әдебиеттердің испан тілін үйреніп жүрген және Латын Америкасымен танысқысы келетін оқырмандардың көңілінен шығатыны сөзсіз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ