Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Опера театрының аңызы»
27.02.2018
2018 жылдың 26 ақпанында Қостанай облыстық мүгедектерді оңалтуға арналған «Дружба» орталығында Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК өнер бөлімінің қызметкерлері орыс әншісі Федор Иванович Шаляпиннің туғанына 145 жыл толуына арналған «Опера театрының аңызы» бейнекездесуін өткізді.
Федор Иванович 1873 жылдың 1 ақпанында туған. Орыстың опера және жеке әншісі. Ол шығармашылық жолында бойындағы табиғи әншілікті, керемет дауысын, қайталанбас актерлік шеберлікті ұштастыра білді. Оның шығармашылығы әлемдік опера өнеріне елеулі ықпал етті. Түрлі кезеңде әншіліктің сыртында кескіндеме өнерімен, графикамен, мүсіншілікпен айналысты және киноға да түсті.
Бейнекездесу безендірілмелі кітап көрмесімен сүйемелденді. Көрмеге кітаптар, мерзімді басылымнан алынған мақалалар, ноталық әдебиеттер қойылды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ